$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2021, 13:50
Үкімет

Зейнет жасын қысқарту, баспанамен қамтамасыз ету: Юрий Ильин құтқарушыларға қарастырылған жеңілдіктер жайында айтты

Қазір Қазақстанда құтқарушылар зейнетке 63 жасында шығады

Зейнет жасын қысқарту, баспанамен қамтамасыз ету: Юрий Ильин құтқарушыларға қарастырылған жеңілдіктер жайында айтты
көрнекі фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халық алдында есеп беру кездесуінде «азаматтық қызметшілер» санаты бойынша азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің зейнетке шығу жасы қысқартылатынын айтты.

«Әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етуді жақсарту үшін тұрғын үй төлемдері мәселесі пысықталып жатыр. Сондай-ақ құтқарушылардың зейнеткерлік жасын «азаматтық қызметшілер» санаты бойынша қысқарту көзделген. Қазір Қазақстанда құтқарушылар зейнетке 63 жасында шығады. Сала мамандарының физикалық және психологиялық тұрғыда ауыр жұмыс істейтінін білесіздер», - деді министр.

Одан бөлек, министр азаматтық құтқарушылардың жалақысы мен әлеуметтік пакеті біртіндеп ұлғайтылатынын мәлімдеді. Айтуынша, 2019 жылы олардың еңбекақысы 30%-ке көтерілген.

«Қазір орташа жалақы 170 мың теңге шамасында. Әрине, бұл көп ақша емес. Сол себепті жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту өзекті. Біз келешекте азаматтық құтқарушыларды, әскери қызметшілерді, шен тағатын адамдарды аттестациядан өткізуді және тиісінше жалақы мен әлеуметтік пакетті біртіндеп ұлғайтуды көздеп отырмыз», - деді Юрий Ильин.

Серіктес жаңалықтары