$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2021, 11:47
Үкімет

Жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салу: Мәжіліс заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді

25 наурызда Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

Жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салу: Мәжіліс заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді
Коллаж

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы тұтастай екінші оқылымда мақұлданып, Сенатқа жіберілді.

Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Берік Оспановтың айтуынша, заң жобасы 5 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады және шетелдік жер пайдаланушылардың, Қазақстандағы шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығымен және жер пайдалану құқығымен қандастардың иеленуіне тыйым салуды енгізуге қатысты.

Еске сала кетейік, 12 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдады.

Серіктес жаңалықтары