ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Қарулы күштердің әскери бөлімдері дабылмен көтерілді

Әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлығы тексерілді

фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайтынан

Өткен түнде Шымкент пен Сарыөзекте орналасқан Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері оқу-жаттығу дабылын қағып, жауынгерлік даярлыққа келтірілді. Іс-шара ҚР Қарулы күштердің әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығын қауырт тексеру шеңберінде өткізілуде.

Бөлім командирлері Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» жалпыәскери полигонына бағынысты бөлімшелерді жіберуге жауынгерлік тапсырма алды.

Әскери қызметшілер әскери машиналарда белгіленген ауданға бірнеше жүз шақырым марш жасады. Ауыр шынжыр табанды бронды техника теміржол көлігімен және көлік тартқыштармен тасымалданады.

Белгіленген ауданға келгеннен кейін бөлімшелер жабдықталып, одан әрі іс-қимыл жасауға әзірленіп, қорғаныс позицияларына орналасады. Әскерлердің іс-қимыл жоспарына сәйкес, белгіленген ауданға келген кезде инженерлік құралдарын құрып, бекіністерді бүркемелеу және одан әрі оқу-жауынгерлік міндеттерді атқаруға әзірлік бойынша іс-шаралар атқаруы қажет.