Асқар Мамин Chevron компаниясы басшылығымен кездесті
ТШО 2023 жылы өндіруді жылына 12 млн тоннаға дейін арттырады
Үкімет басшысы Асқар Мамин Chevron компаниясының Еуразия-Тынық мұхиты өңіріндегі барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджел Хирнмен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
«Шеврон» — Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий құбыр консорциумы (15%) – үш ірі жобада активтері бар Қазақстандағы ірі шетелдік инвестор.
2020 жылы ТШО шикі мұнай өндіру көлемі 26,5 млн тоннаны құрады. Мемлекетке тікелей қаржылық төлемдер $6,6 млрд құрады, $3,5 млрд астам сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтері сатып алынды.
ТШО газы - Атырау облысында полипропилен (қуаты жылына 500 мың тонна) және полиэтилен (жылына 1,25 млн тонна) өндірісі бойынша екі ірі газ-химия жобасы үшін шикізат.
Тараптар болашақта «Теңізшевройл» (ТШО) жобасын кеңейтуді іске асыру мәселесін талқылады, оның аяқталуы бойынша ТШО өндіруді 2023 жылы жылына 12 млн тоннаға дейін арттырады, бұл жиынтығында жылына шамамен 39 млн тоннаны құрайды.
Кездесуге энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.