$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2019, 16:25
Үкімет

Жоғарғы сот желі арқылы азаматтардың сұрақтарын қабылдайды

Жауаптар 2020 жылдың қаңтарында Жоғарғы соттың интернет-ресурсында жарияланады

Жоғарғы сот желі арқылы азаматтардың сұрақтарын қабылдайды

Жоғарғы сот азаматтардың саладағы түйткіл мәселелері бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап береді, деп хабарлады Azattyq Rýhy Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Сұрақтарды 2-20 желтоқсан аралығында pressa.sud@mail.ru электронды жәшігіне жіберуге болады.

«Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар келіп түскен сұрақтарды модерациялау құқығын өзінде қалдырады. Мәселен, өңдеуге соттардың және жалпы сот жүйесінің жұмысы туралы сұрақтар ғана қабылданады. Сұрақтар одан әрі сот ісін жүргізу нысаны және әкімшілендіру мәселелері бойынша жүйеленетін болады», – делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жауаптар 2020 жылдың қаңтарында Жоғарғы соттың интернет-ресурсы мен аккаунтында жарияланады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сот #Жоғарғы сот