ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан бір тәулікте 32 қазақстандық қайтыс болды

Әлішер Әбдіқадыров Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Ермек Алпысов Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (экономика) тәмамдаған.

2009-2015 жылдары ҚР индустрия және сауда, инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары Павлодар облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысы болды.

2018-2019 жылдары — Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдары — «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ («Қазақстандық индустрияны дамыту институты») басқарма төрағасы.

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Үкімет қаулысымен Ермек Амантайұлы Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.

Ермек Алпысов 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Түрлі жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген. Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Одан бөлек, ҚР Президенті әкімшілігінде түрлі лауазымдарда болды. 2019 жылдан бастап бүгінге дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.