$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.02.2021, 13:02
Үкімет

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа есеп берді

Президент ұлттық компания басшысына бірқатар тапсырма берді

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа есеп берді
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады.

Президентке ұлттық атом компаниясының 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндалды.

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, компания коронавирус пандемиясына қарамастан алдына қойылған барлық міндетті орындаған. «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамы үшінші жыл қатарынан өнім өткізу ісінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, уран өндіру және сату көлемі бойынша әлемдік нарықтағы көшбасшы мәртебесін сенімді түрде сақтап отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына цифрлық трансформация бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, компаниядағы бизнес-процестердің жетілдірілуі және жылу бөлетін құрылғылар (ЖБҚ) шығаратын зауыт құрылысының аяқталуы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары