$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2021, 13:25
Үкімет

Депутат экономикалық қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасын алмастыруды ұсынды

Былтыр экономикалық қылмыс саны 23%-ға өскен

Депутат экономикалық қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасын алмастыруды ұсынды
көрнекі фото

Елімізде экономикалық қылмыс саны әлі де азаяр емес. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Андрей Линник айтты.

«Бас прокуратураның ресми деректеріне сәйкес, 2020 жылы экономикалық қылмыс саны 23%-ға өсті. Олардың басым көпшілігі - шот-фактураларды заңсыз шығару, бухгалтерлік есепті бұзу, несиені заңсыз алу және басқалары», - деді Мәжіліс депутаты.

Спикердің айтуынша, кейбір кәсіпкерлер заң аясында бас бостандығынан айырылып, темір торға тоғытылып жатыр. Алайда, депутат Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігіне жазалаудың басқа да тетігін қарастыруды ұсынды.

«Ақ жол» партиясы экономикалық қылмыс үшін бас бостандығынан айыру сияқты шараны толығымен қаржылық санкциямен алмастыруды ұсынады. Кінәлі бизнесмендерді қаржылай жазалау керек деп санайды. Қулық жасап, салық төлемеген кәсіпкер сол қаражатты екі-үш еселеп қайтарсын. Нәтижесінде оның экономикалық субъектісі сақталады, кәсіп иесі мемлекетке пайда әкелуін жалғастырады және жұмыс орындарын сақтап қалады», - деді депутат.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары