$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2021, 16:50
Үкімет

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы тағайындалды

Нариман Жүнісов 2013-2014 жылдары Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары болды

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нариман Талғатұлы Жүнісов Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Нариман Жүнісов 1981 жылы туған. Омбы мемлекеттік аграрлық университетін (2003), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (2007) бітірген. 2019 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін (балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы жекеменшік секторда бастаған.

2007 жылдан 2013 жыл аралығында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2013-2014 жж. – Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2016 жж. – Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары.

2016-2019 жж. – Ауыл шаруашылығы және жануарлар дүниесі министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын молайту және акваөсіру басқармасының басшысы.

2019 жылғы маусымнан қыркүйекке дейін - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы.

2019 жылғы қыркүйектен бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болды.

Серіктес жаңалықтары