«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығын салу үшін жер телімі бөлінді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан тарапы жер телімін бөліп, инвестормен келіссөздер жүргізіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

«Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық орталығының құрылысы үшін жер телімі бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық орталығы жобасын іске асыру мақсатында өзбек тарапымен оның орналасатын жері келісілді. Біз жер телімін бөліп, инвестормен келіссөздер жүргізудеміз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, министр жобаны жүзеге асыру кешіктіріліп жатқанын түсіндірді.

«Алайда, өзбек тарапы позициясының өзгеруіне байланысты жобаны іске асыру процесі кешіктіріліп жатыр. Осыған орай біз жобаны іске асырудың қосымша нұсқаларын қарастырудамыз. Жалпы, бұл Орталық Өзбекстанмен шекаралық сауданы «ағарту» және сауда инфрақұрылымын құру арқылы екі елдің арасындағы өзара сауда көлемін 10 млрд АҚШ долларға дейін ұлғайтуға ықпал етеді, - деп толықтырды Бақыт Сұлтанов.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан