Тоқаев тағы бір агенттік құруды тапсырды

Қазақстанда Президент жанындағы жаңа агенттік құрылады

Тоқаев тағы бір агенттік құруды тапсырды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қысқа мерзімде Президент жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құруды тапсырды. Президенттің айтуынша, бұл шешім қабылдаудың дербестігін арттырып, мүдделер қақтығысын болдырмайды.

«Өткен жылы көлеңкелі экономика саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты істердің рекордтық саны қозғалды. 73 қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді, қолма-қол ақшаны алу көлемі азайды. Бірақ бұл жұмыстың басы ғана», - деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай көлеңкелі экономика 15%-дан аспауы керек екенін айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда 1994 жылдан бастап Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) жұмыс істеді. 2014 жылдың тамызында бөлім таратылды.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.