ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Қазақстанда қатаң карантин болады – Цой болжамы

Тәулігіне 9 мың адамға дейін COVID-19 жұқтыруы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаппай жұғу «шыңы» мен Қазақстанның қатаң карантинге көшуінің ықтимал мерзімін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінде 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық ахуалдың даму болжамы жасалды. Министрдің айтуынша, ауру таралуының шарықтау шыңы осы жылдың наурыз айының соңында болуы мүмкін.

«Оптимистік сценарий бойынша, тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркелу күтілуде, сонымен қатар 24 мың төсекке дейін қолдану болжанып отыр. Пессимистік сценарий бойынша, тәулігіне 9 мың жағдайға дейін КВИ оң жағдайы тіркелуі мүмкін, ал төсек-орын қорының қамтылуы 45 мың төсекке дейін жетуі мүмкін. Сонда денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін қатаң карантиндік шараларды енгізу қажет болады», - деді Цой Президенттің қатысуымен өткен Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, болжам бойынша, бірінші жартыжылдықта екі миллион адамды вакцинациялау тіркелген жағдайлардың санын 40 мыңға дейін азайтады.

Бұған дейін Цой Тоқаевқа «Қазақстанда дәрі тапшылығы болмайды» деп уәде берді.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан