25.01.2021, 17:54
Үкімет
Елбасы Білім министрін қабылдады
Сондай-ақ Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады.
Кездесуде Тұңғыш Президентке білім және ғылым саласының қазіргі ахуалы және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ғылымды дамыту мен жастар тәрбиесі бағыттарын жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды.
Сондай-ақ Елбасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар жайында ақпарат берілді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
