ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Түркістанда салынатын зауыт құрылысына өзбек компаниясы тартылады

Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарында белгілі болды

Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Түркістан қаласының инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді.

Үкімет басшысы инвестициялық жобалармен - «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің, JCI халықаралық стандарты бойынша салынып жатқан 570 төсек орнына шақталған көпбейінді аурухананың (2022 жылдың жазында пайдалануға беру жоспарланып отыр), Қазақ драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, Тұңғыш Президент саябағының, дендропарк пен ботаникалық бақтың іске асырылу барысымен танысты.

Сондай-ақ Премьер-министр пайдалануға берілген «Hampton» қонақ үйі мен Халықаралық туризм университетін аралап көрді.

Одан бөлек, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және биыл көктемде Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Үкімет басшысының қатысуымен Түркістан облысының әкімдігі, «Artel Electronics» өзбек компаниясы және «Orbis Kazakhstan» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат өңірде ас үй плиталары мен электр су жылытқыштарын шығаратын зауыт салуды көздейді. Қуаттылығы – жылына 1 млн бірлік техника. Жоспарланған инвестиция көлемі – 36 млрд теңге. Кәсіпорын 2100 жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.