$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.12.2020, 21:16
Үкімет

Ералы Тоғжанов өкпе ауруларын емдеуге арналған бірегей аппарат өндірісімен танысты

Құрылғы респираторлық патологиясы асқынған науқастардың тезірек сауығуына мүмкіндік береді

Ералы Тоғжанов өкпе ауруларын емдеуге арналған бірегей аппарат өндірісімен танысты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Барк Технолоджи» ЖШС кәсіпорнын аралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық кәсіпорында өкпе ауруларын және өкпе ауруларының асқынуларын емдеуге арналған VibroLUNG бірегей виброакустикалық аппараты шығарылады. Бұл құрылғы респираторлық патологиясы асқынған науқастардың тезірек сауығуына мүмкіндік береді.

«Биыл жаз айларында COVID-19-дың өршуі кезінде бұл кәсіпорын ауруханаларға 200-ден астам виброакустикалық аппарат жеткізген болатын.

Құрылғы отандық мамандардың бірегей әзірлемесі, ол реанимациядағы, әсіресе, ӨЖЖ-ға қосылған науқастар үшін аса қажет. VibroLUNG-пен қатар, отандық конструкторлар жасаған ӨЖЖ және транпульмоналды қысым мониторларының үлгілері көрсетілді», - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында.

Вице-премьердің сапары барысында аталған кәсіпорынның қазақстандық медицина мекемелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс көлемін ұлғайту мүмкіндігін растайтын өндірістік әлеуеті көрсетілді.

Аралау қорытындысы бойынша Е. Тоғжанов кәсіпорындардың жұмысына оң баға беріп, Үкімет отандық өндірушілерді жан-жақты қолдайтынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары