Қаржы министрі Мәжілісте сынға қалды

Министр депутаттардың уәжімен келісті

Қаржы министрі Мәжілісте сынға қалды
Ерұлан Жамаубаев. Фото: instagram.com/minfin.kz

Мәжіліске мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізу бойынша құжатты таныстыруға келген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бірінші оқылымда-ақ сынға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Сіз мұнда заң жобасын енгіздіңіз. Тіпті, құжаттың атын қараңыз - «Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша» деп жазылған. Мемлекет басшысы сізге қойған мақсаттар мен міндеттер - практиканы жақсарту бойынша өзгерістер енгізу. Қаржы министрі не істейді? Қазір бізге осы мақсатқа жетуді көздейтін бірде-бір сөзі жоқ құжатты ұсынады. Депутаттар бәрін егжей-тегжейлі көрсетті, ал ол трибунада тұр және осы нормаларды тізіп тұр. Бұл қандай тәсіл? Депутат «сапасыз жоспарлау мәселесін» дұрыс көтерді», - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин палата отырысында.

Мәжіліс төрағасы Қаржы және Ұлттық экономика министрлерін ойлануға шақырды.

«Сіздерге сол баяғыдай бірдей ескерту жасалды. Мұның бәрі сапасыз жоспарлаудан басталады. Осыдан сұрақ туындайды, Ерұлан Кенжебекұлы, Сіз осыған қызығушылық танытасыз ба? Мен Сіздің жеке басыңызды айтып тұрған жоқпын, Қаржы министрлігі мен сіздің шенеуніктеріңіз жайлы айтып отырмын. Себебі, сапасыз жоспарлау – «лай судан балық аулаудың» алғашқы қадамы. Шенеунік үшін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу, содан кейін бір көзден шарт жасасу жақсы және оңай», - деді Нығматулин.

Мәжіліс спикері мұндайға жол бермеу керегін айтты, ал министр депутаттардың уәжімен келісті. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.