09.12.2020, 17:26
Үкімет
Алматыда сауда орталықтары жексенбі күндері жұмыс істемейді
Вице-премьер Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалмен танысты
Ералы Тоғжанов, Бақытжан Сағынтаев, фото: pm.kz
Бүгін вице-премьер Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірлесіп, 70-тен астам аурухана мен емхананың бас дәрігерлерінің қатысуымен бейнебайланыс режимінде ауқымды жиналыс өткізді.
Жиын қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов нақты тапсырмалар берді:
- қызметкерлер саны 15 және одан да көп адамды құрайтын ұйым қызметкерлерінің 60-80%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қосымша кезекші топтар, қала мектептерінде кезекші сыныптар ашуды тоқтата тұру;
- жексенбі күндері санитарлық күнге жабыла отырып, СОО, сауда объектілерінің жұмысын сенбі күні сағат 17.00-ге дейін шектеу;
- қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандардың қызметіне сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, отыратын орындар саны 50-ден аспаған жағдайда қызметіне рұқсат ету;
- өнеркәсіптік, құрылыс, көлік кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін ұйымдарға қызметтік көлікті ұсыну;
- бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ХҚКО жұмысын ұйымдастыру;
- тестілік режимде жұмыс істеу кезінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектілерінің жұмысын жалғастыру.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады