$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2020, 21:11
Үкімет

Қазақстан «сары аймақта» тұр – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады

 

Қазақстан «сары аймақта» тұр – Алексей Цой

Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері жөнінде кеңес өтті. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"16 қарашадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика сары аймақта тұр», - деді Алексей Цой.

Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы инфекция таралу қаупі жоғары "қызыл аймақта тұр. Орташа қауіпті сары аймақта – Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары тұрса, қалған өңір салыстырмалы түрде инфекцияның таралу қаупі төмен жасыл аймақта тұр.

КВИ-ге шалдыққандар саны артқан жағдайда, халыққа сапалы және уақтылы көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар 71 мың төсек-орын дайындап отыр. Қазір инфекциялық төсектің 21% және реанимациялық төсектің 17% пациент бар. Азаматтарға үйде медициналық көмек көрсету үшін көшпелі мобильді бригадалар дайындалды. Мобильді бригадалар биыл шілдеден бері 280 мыңнан астам қызмет көрсетті. 

«Шілде айымен салыстырғанда қазір жедел медициналық көмек шақырушылар саны – 43,8%, ал КВИ бойынша 79%-ға төмендеді», - деді А. Цой.

Коронавируспен ауыратын науқастарға консультациялық көмек көрсету үшін өңірлік және республикалық сараптамалық топтар құрылды, өңірлік Call-орталықтардың және 1406 бірыңғай байланыс орталығының жұмысы күшейтілді.

 
Серіктес жаңалықтары