$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2020, 12:47
Үкімет

Өңірлік БАҚ-тар әкімдердің пиарымен айналысып отыр – депутаттар мәселе көтерді

Ақпарат министрі бұл мәселенің қалалай шешілетінін түсіндірді

Өңірлік БАҚ-тар әкімдердің пиарымен айналысып отыр – депутаттар мәселе көтерді
Суретте: министр Аида Балаева

Өңірлердегі БАҚ мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау кезінде аймақ басшысының жеке пиарымен айналыспай, мемлекеттік салалық бағдарламаларды түсіндіруге басымдық беруі тиіс. Бұл тақырыпты бүгін Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында көтерді.

Депутат Ирина Унжакова өңірлердегі тілшілердің ақпараттық материалы көбіне мемлекеттік қызметкерлердің мінбердегі баяндамасына ғана негізделетінін айтты.

«Өңірлердегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүйесі сапасыз. Мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығы туралы материалдардың сапасы өте төмен. Қарапайым халықтың назарына көп жағдайда мемлекеттік қызметкерлердің монологтары мен лекциялары, жиналыста отырған суреттері, әкімдердің нысан аралағаны жайлы арнайы репортаждар ұсынылады. Осыған байланысты министрлік мемлекеттік ақпараттық тапсырмалардың іске асыру сапасын қалай арттырмақ?» - деп жүгінді депутат министр Аида Балаеваға.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева аталған мәселенің бүгінде екі түрлі жолмен шешіліп жатқанын хабарлады.

«Бірінші кезекте, журналистердің біліктілігін арттыруды қолға аламыз. Қазір бізде нақты жоспар бар. Түрлі тренинтер мен оқыту курстарын өткізу мәселесі жолға қойылды. Екіншіден, салалық журналистерді дайындау мәселесін қолға алмақпыз. Өкінішке қарай, расымен де журналистер кейбір тақырыпта шала жазады. Өйткені, сол саланы дұрыс білмейді. Бүгінде салалық журналистерді дайындау үшін екі ЖОО-мен меморандум жасалды», - деді Балаева.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де өңірлердегі БАҚ-ты сынға алып, Ақпарат министрлігіне бұл мәселені қолға алуды тапсырды.

«Мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін құруға ешкім қарсы емес. Бірақ оның механизмі қандай? Көрші елдердің БАҚ өкілдері мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асып жатқандығын егжей-тегдейіне дейін зерттеп жазады. Біздегі өңірлік БАҚ-тарда әкімнің жай ғана күнделікті жұмысын үлкен жаңалық етіп жариялайды. Бұл - пиар. Осы орайда өңірлердегі ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін құрудың нақты механизмі болуы тиіс», - деді Нұрлан Нығматулин.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары