Гарвард түлегі Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
Ол бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-да басшылық қызмет атқарған
Үкімет қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Мейіржан Юсупов 2001 жылы Middle East Technical университетін (экономика және басқару), 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді, 2007 жылы Лондон экономика мектебін, 2015 жылы Гарвард басқару мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы «Туркуаз» компаниялар тобы» АҚ директорының орынбасары лауазымынан бастаған. Кейіннен «Демир Қазақстан Банк» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қорында жұмыс істеген.
2010 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қазынашылық басшысы, экономика және қаржы жөніндегі директоры, бас директоры болып жұмыс істеді.