$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2020, 11:36
Үкімет

2025 жылға дейін өзен тасымалы көлемін 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр – ИИДМ

Бүгін Сенатта «Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы талқыланды

2025 жылға дейін өзен тасымалы көлемін 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр – ИИДМ
Фото ашық дереккөзден

«Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасына сәйкес, 2025 жылға қарай өзен тасымалы көлемін 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу болжанып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған келісім Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер арасында жасалды.

Келісімнің негізгі ережесіне сәйкес, тараптардың ішкі су жолдары бойынша кемелердің транзиттік өтуіне рұқсат беру тәртібі жеңілдетілмек.

«Атап айтқанда, келісімде транзиттік өтуге арналған өтінімді қарау мерзімі – 10 күн (3-бап) және рұқсатты уәкілетті орган (РФ Көлік министрлігі) беретін болып белгіленді. Ресейдің ішкі су жолдары арқылы тек қазақстандық компаниялардың жеңілдетілген тәртіппен өту мүмкіндігі бар болғандықтан, қазіргі уақытта Еуразиялық одаққа мүше емес Каспий маңы елдері (Әзірбайжан, Иран, Түркменстан) Каспий порттарынан Қара теңіз порттарына жүктерді тасымалдау үшін қазақстандық тасымалдаушыларды («Қазақтеңізкөлікфлоты», «OMS shipping») тартуға дайын екенін білдіруде»,- деді вице-министр.

Осылайша, Ақтау және Құрық порттарының Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша қабілеті артады. Келісімді қабылдаудың арқасында Ресейдің ішкі су жолдарымен транзиттік тасымал көлемін 2025 жылға қарай шамамен 250-300 мың тоннаға арттыру көзделген.

«Жыл сайын, 1 сәуірге дейін уәкілетті органдар екіжақты тасымалдарды жүзеге асыратын кемелердің алдын ала тізімдерін келісетін болады. Бұл ретте келісім қабылданғаннан кейін қазақстандық тасымалдаушылар өзен тасымалдарын Ертіс бассейні шегінде ғана емес, Обь өзеніне дейін жүзеге асырады», - деді Берік Қамалиев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#кеме #ИИДМ