04.11.2020, 13:53
Үкімет
Пойыз жолаушыларының Ақмола облысы аумағында аялдауына тыйым салынады
Көкшетауға қатынайтын әуе рейстері мен пойыздардың саны қысқарады
Фото: primeminister.kz
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы – вице-премьер Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.
Өңірде тіркелген СOVID-19 фактісі қазан айының қорытындысы бойынша 2,7 есеге артқан.
Ведомствоаралық комиссия төрағасы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 9 қарашадан бастап облыс әкімдігіне бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды, атап айтқанда:
- Көкшетау қаласының периметрі бойынша блок-бекеттер орнатуды;
- күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елдімекендерде санитарлық блок-бекеттер орнатуды;
- Көкшетау-Алматы, Көкшетау-Ақтау бағыттары бойынша әуе қатынасын аптасына 2 рейстен 1 рейске дейін қысқартуды;
- Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7 реттен 3 ретке дейін қысқартуды;
- пойызбен қатынайтын транзиттік жолаушылардың облыс ішінде аялдауына тыйым салуды (облыс әкімдігі белгілеген жерлерді қоспағанда);
- діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;
- жұмыс күндері үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орындық объектілер үшін есептік орындардың 50%-ынан аспайтын жағдайда сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін, жұмыс режимін қысқарта отырып шектеуді;
- жұмыс күндері сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, көлемі 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендердің жұмысын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеуді;
- стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесті қамтамасыз ететін жұмыскерлерін қоспағанда, облыс елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысын сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеуді;
- 65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауды ұсынуды;
- қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруді; офлайн режимде кеңестер өткізуге тыйым салуды тапсырды.
Көп оқылған
08.08.2026, 07:48
Көкшетауда орындықта қалған алтын бұйымдарды зейнеткер иемденіп кеткен
08.08.2026, 13:45
Атырауда құбыр ауыстыруға бөлінген қаржыны жымқырған 5 адам сотталды
08.08.2026, 18:00
Ақмола облысында полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тапты (ВИДЕО)
Бүгін, 01:23
Үш рет қабылдаудан бас тартқан, кейін ота жасалған: Ақтауда көз жұмған баланың анасы министрліктен жауап алды
08.08.2026, 11:45
Атырауда балабақша тәрбиешісі бір жасар сәбиді ұрған