$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2020, 12:42
Үкімет

Келер жылы жаңа үш заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі

Жалпы, 2021 жылы Парламентке 19 заң жобасын енгізу жоспарда бар

Келер жылы жаңа үш заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі
Фото: primeminister.kz

Әділет министрі Марат Бекетаев Үкіметтің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын таныстырды.

2021 жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр. Олар «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы», «Әскери полиция органдары туралы» және «Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобалары.

Сондай-ақ алдағы жылы Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан туындайтын екі заң жобасы Парламентке енгізіледі. Олар «Қазақстан Республикасының биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары.

Жоспар жобасында көзделген 19 заң жобаның ішінен Парламентке 2021 жылдың І жартыжылдығында бес, ал ІІ жартыжылдығында 14 заң жобасын енгізу жоспарланып отыр.

Олар сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеуге, биржалық сауда, көлік, жер қатынастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,  құқық қорғау қызметі, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, волонтерлер қызметі және қайырымдылық, инновациялық және ғылыми-техникалық даму, биологиялық қауіпсіздік және басқада салаларды одан әрі дамытуға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары