ШұғылЕлімізде тағы 813 адамнан коронавирус анықталды

Шетелде жүрген қазақстандықтар ПТР-анықтамасыз да елге орала алады

Ішкі рейстер үшін ПТР-анықтамасы талап етілмейді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР аумағында коронавирус инфекциянсының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Алайда, бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты.

«Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар. Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылады», - делінген ВАК шешімінде.

ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-анықтама талап етілмейді.