Сауда министрлігінің кейбір функциялары Бәсекелестікті қорғау агенттігіне берілді
Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымын бекітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымын бекітті.
Құжатқа сәйкес, Агенттікке ҚР Сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері беріледі.
Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында елімізде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылатынын мәлім етті.
9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңадан екі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды.
14 қыркүйекте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып Серік Жұманғарин тағайындалды.