Оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігіне байланысты мәселе әлі бар – Қорғаныс министрлігі

«Қазтехнология» АҚ жарамсыз оқ-дәрілерді уақытылы кәдеге жарата бермейді

Оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігіне байланысты мәселе әлі бар – Қорғаныс министрлігі
Фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігінде өткен кезекті аппараттық кеңесте оқу-жаттығу қорытындысы шығарылып, ең өзекті мәселелер қаралды және оларды уақтылы шешу бойынша міндеттер қойылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Маңызды мәселенің бірі – нысандарды қысқа дайындау. Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жүргізген тексеру барысында бірнеше гарнизонда ғимараттарды, казармаларды, терезелер мен қазандықтарды жөндеу аяқталмағаны, жылыту жабдығының ақауы анықталды. Қорғаныс министрі бас қолбасшыларға жергілікті жерлерде жұмыс жүргізетін мердігерлердің жұмысын бақылауды күшейту бойынша міндеттер қойды.

«Қорғаныс министрі басты басымдықтардың бірі оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары екенін атап өтті. Мұнда әлі күнге дейін шешілмеген мәселелер бар. Уәкілетті орган «Қазтехнология» АҚ әрдайым жарамсыз оқ-дәрілерді уақытылы кәдеге жарата бермейтінін ескере отырып, бас қолбасшыларға оларды пайдаланылмайтын әскери мүлік ретінде инженерлік-саперлік бөлімшелердің күшімен жою туралы нұсқау берілді. Қорғаныс министрі анықталған кемшіліктерді жедел жоюды, ал оқ-дәрілердің сақталуын тексеруді Қорғаныс министрлігінің, бас штабтың, бас инспекцияның және әскери полицияның комиссияларын тарта отырып, тұрақты түрде жүзеге асыруды тапсырды», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Қорғаныс министрінің әскери дәрігерлерді даярлау және әскери қызметке шақыру сияқты басқа да берген тапсырмаларын ведомствоның ресми сайтынан оқи аласыздар. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.