$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2020, 15:48
Үкімет

ДСМ 1,5 трлн теңгені қайда жұмсап жатқанын ашық айтпайды - сарапшы

Агенттік мекеменің бюджеті ашық еместігін сынға алды 

ДСМ 1,5 трлн теңгені қайда жұмсап жатқанын ашық айтпайды - сарапшы
Фото: Нұрдәулет Әбікеев

Денсаулық сақтау министрлігі бюджет қаржысы жөнінде халық алдында ашық есеп бермейді. Экономика және денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселелері жөніндегі талдаушы және консультант Марат Мамраев саладағы осы проблеманы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің онлайн-сұхбатында айтты. 

Бюджет мәселесіндегі олқылықтарды анықтау үшін мамандар министрлікке қарасты мекемелердің барлығының ашық деректерін, сайттарын, мәліметтер базасын қарап шыққан.

«Сөйтіп, бюджеттерінің ашықтығын тексердік. Тексеру барысында бюджеттік өтініштердің ашықтығына, оның орындалуына, онда тәуелсіз сарапшылардың тартылуына мән бердік. Қысқасы, қандай сома қандай негізбен бөлініп отырғаны бақыланды. Медициналық сақтандыру қорын, «СҚ-Фармацияны» да көрдік. Сайтқа кіріп, қай ақша қайда, қалай жұмсалып жатқанын жоспарланған сомамен салыстырып қарап едік, «азаматтық бюджет»  деген презентацияда «кепілдендірілген тегін медицналық көмек аясында» пунктімен 1 ғана сан тұр. Басқа ештеңе жоқ. Бұл тіпті, типтік есеп емес. Барлық денсаулық сақтау басқармаларының есебі бір-біріне ұқсайды. Ашықтық мәселесінде осындай проблема бар», - деді Мамраев сұхбат барысында.

Сарапшы сонымен бірге денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының жұмсалуы туралы нақты, толық ақпаратты ресми хатпен алу қиын екенін де жеткізді.

Белгілісі, ДСМ-нің биылғы бюджеті 1,5 трлн теңгені құрайды. Оның 1,4  млрд теңгесі медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Қалғаны саясатын қалыптастыруға, инфрақұрылымға, оқыту және тағы басқа жұмыстарға жұмсалады.

Маман халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан өздері үшін бөлініп жатқан ақшаны әрдайым бақылап отыруға шақырады. 

Еске салсақ, бұған дейін Damumed-ке енгізілген 11 мыңнан астам медициналық қызметтің халыққа көрсетілмегені анықталған.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары