Берік Нәжімиденов бұған дейін комитет басшысының орынбасары болды
ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Берік Нәжімиденов 1979 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - экономист-менеджер, заңгер.
Еңбек жолын 2000 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастаған.
2002-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған.
2012-2014 жылдары Қаржы министрлігінің Астана қалалық Қаржылық бақылау комитетінде жұмыс істеген.
2014-2016 жылдары Қарағанды қаласы Қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмыс істеді.
2016 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.