$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.08.2020, 16:07
Үкімет

Қазақстанда 2 млн теңге өтемақыны әзірге 598 дәрігер алды

Ал шілде айында 78 мыңнан астам дәрігердің жалақысына үстеме ақы қосылған

Қазақстанда 2 млн теңге өтемақыны әзірге 598 дәрігер алды
Фото авторы: Нұрдәулет Әбікеев

17 тамыздағы жағдайға сәйкес, Қазақстанда 2 млн теңге көлеміндегі өтемақыны жұмыс барысында вирус жұқтырған 598 дәрігер алды. Арнайы комиссия олар вирусты жұмыс барысында жұқтырды деген шешім қабылдаған. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

«Індет басталғалы бері дәрігерлеріміз күндіз-түні жұмыс істеп келеді. Медицина мамандарының еңбегі елеусіз қалып жатқан жоқ. Президенттің тапсырмасы бойынша бір реттік төлем және жалақыларына қосымша үстемақы төленіп жатыр. Шілде айында 25 млрд теңгеге жуық үстемақы рәсімделді. 78 364 маман қолдауға ие болды», - деді Б. Қожахмет.

Ал осы уақытқа дейін ауырған дәрігерлер арасында тек 598 адамның вирусты жұқтырғаны дәлелденіп, олар 2 млн теңгеден өтемақы алды. Қаза тапқан дәрігерлерге қатысты аймақтық комиссия әлі жұмыс жүргізіп жатыр.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары