Бектенов мас күйде қылмыс жасайтындарды азайту үшін төрт министр мен әкімдерге тапсырма берді

Ол сондай-ақ Қаржы мониторинг агенттігінің басшылығына да нақты тапсырма берген

Бектенов мас күйде қылмыс жасайтындарды азайту үшін төрт министр мен әкімдерге тапсырма берді
Фото: үкімет

Бүгін үкіметте «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізген премьер-министр Олжас Бектенов мас күйде жасалатын қылмыстың санын азайту үшін төрт министрлікке нақты тапсырма берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағанлай, премьер-министр ең бастысы мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алатын кешенді моделге көшу керек деген.

Ол үшін Бектенов:

  • қаржы министрлігіне алкоголь нарығын, оның ішінде қашықтан сату және жеткізу тәртібін заңнамалық тұрғыдан реттеуді жетілдіру және мониторинг жүргізу туралы;
  • денсаулық сақтау министрлігіне алкогольге тәуелділі адамдарды емдеу мәселелерін жетілдіру, медициналық куәландыру қағидатын, оның ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі фельдшерлерді даярлау және оларға рұқсат беру, зертханалық жабдықтарды жаңарту және мамандар даярлауды туралы;
  • Қаржылық мониторинг агенттігіне Ішкі істер және Қаржы министрлігімен бірлесіп, қолдан жасалған алкогольді заңсыз өндіру мен айналымына қарсы қылмыстық-құқықтық тетіктерді күшейту туралы;
  • ішкі істер министрлігіне құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты күшейту туралы;
  • мәдениет және ақпарат министрлігіне салауатты өмір салтын насихаттаумен ғана шектелмей, алкогольді тұтыну мәдениетін қалыптастыру туралы;
  • әкімдерге уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары желісін дамыту туралы міндет жүктеді.

Одан басқа қоғамдық және жол қауіпсіздігіне жоғары қауіп төндіретін адамдарды бақылаудың бірыңғай ведомствоаралық тетігін құру керек деген тапсырма берді.