$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2020, 22:58
Үкімет

«Қарапайым заттар экономикасы»: 504 млрд теңге сомасына 2201 жоба мақұлданды

Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

«Қарапайым заттар экономикасы»: 504 млрд теңге сомасына 2201 жоба мақұлданды
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Жобалық офистің отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындысы, мемлекеттік сатып алудағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселесі, сондай-ақ аса зардап шеккен салалардағы бизнес субъектілеріне жүргізілген сауалнама нәтижесі мен олардың даму перспективасы қаралды. 

«2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бойынша 504 млрд теңге сомасына 2201 жоба мақұлданды, 292 млрд теңге сомасына 1628 жоба субсидияланды. Субсидияланған жобалар бойынша көш басында Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, сондай-ақ Жамбыл және Қостанай облыстары, ал Павлодар, Қызылорда, Атырау облыстарында төмен динамика байқалды», - деп жазылған ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары