Аида Балаева Инновациялық штабтың алғашқы отырысын өткізіп, әкімдерге тапсырма берді

Штаб Қазақстанның инновациялық дамуына жауап беретін орган 

Аида Балаева Инновациялық штабтың алғашқы отырысын өткізіп, әкімдерге тапсырма берді
Фото: үкімет

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Инновациялық штаб Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша құрылды. Оның негізгі міндеті – инновациялық қызмет саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету және елдің технологиялық басымдықтарын айқындау.

Отырыста Қазақстан Республикасында инновацияларды дамытудың тұжырымдамалық мәселелері қаралды. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау құралдарын жетілдіру, өңірлік инновациялық жүйелерді дамыту және кадрлық әлеуетті күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.

«Бұл жұмыс нәтижесінде инновациялық белсенділікті арттыруға, Қазақстанның Жаһандық инновациялар индексіндегі орнын нығайтуға, жаңа салаларды дамытуға, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға және қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беретін басқарылатын инновациялық жүйе қалыптастыру көзделіп отыр», - деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.

Жиын қорытындысы бойынша Инновацияларды дамыту тұжырымдамасының негізгі тәсілдері мақұлданып, мемлекеттік органдарға, әкімдер мен және бизнес-сектор құжат жобасына нақты ұсыныстар енгізу жөнінде тиісті тапсырма алды.