Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 18 мыңнан астам адам еңбек етеді – бүгін олардың кәсіби мерекесі
Бүгін Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері кәсіби мерекесін тойлап жатыр
Жыл сайын маусым айының екінші жексенбісінде елімізде Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері кәсіби мерекесін тойлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Осы ретте өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл салада жүрген азаматтардың саны мен олардың жұмысы туралы статистика ұсынды.
Дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 22,6% артып, 259,5 млрд теңгеге жеткен. Бұның ішінде 159 млрд теңге тоқыма өнеркәсібіне тиесілі болған.
«Бүгінде жеңіл өнеркәсіп саласында 18 мыңнан аса адам және ды 1,4 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Сала құрылымында киім өндіретін кәсіпорындар басым, олардың үлесіне жұмыс істеп тұрған компаниялардың жартысынан астамы тиесілі», - деп хабарлайды министрлік.
Саланы одан әрі өрістету мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026-2030 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспарды бекітпек.