$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2020, 15:36
Үкімет

4,2 мың өкпені желдету аппаратын сатып алғалы жатырмыз – Алексей Цой

Оның 3 мыңнан астамы отандық өндірушілерден алынады

4,2 мың өкпені желдету аппаратын сатып алғалы жатырмыз  – Алексей Цой
Фото: rbc.ru

Қазақстан ауруханаларындағы төсек-орындар саны 49,7 мыңға жетті. Ауруханада жатқандардың саны азайып, реанимация бөлімдеріндегі орындар босай бастаған. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Министрдің мәліметінше, екі апта бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, қазір мобильді бригадалардың, қосымша төсек орындар мен аппараттарды арттырудың нәтижесінде елдегі коронавирус инфекциясына қатысты жағдай тұрақталған.

«Ел бойынша ауруханалардағы 34 мың төсек-орынның саны 49,7 мыңға дейін көбейді. Провизорлық орталықтардағы төсек-орындар 20%-ға, ал реанимациялар 6%-ға босай бастады. 2962 мобильді бригада құрылды», - деп хабарлады Цой брифингте.

Қазір республика бойынша 1985 дана Өкпені жасанды желдету аппараты бар екен. 

«Қосымша 4183 аппарат сатып алғалы жатырмыз, оның 3105 данасын отандық өндірушілерден аламыз. Ел бойынша 21 855 ауруханадағы кереует жанында оттегі бар. Баса айта кетерлігі, аймақ-аймаққа баратын 100 көшпелі медициналық кешен сатып алғалы жатырмыз. Олар аймақтарда көрсетілетін қызметтердің ауқымын кеңейтеді. Мәселен, рентген аппараттары, УЗД, ЭКГ жасайтын және қан талдауын жасайтын мүмкіндіктерге ие. Екі апталық карантиннің нақты нәтижелерін көріп отырмыз. Күнделікті коронавирус жұқтыру деңгейі 4%-дан 2,1%-ға дейін төмендеді. Қазақстан бойынша жедел жәрдем шақыратындар саны 23%-ға азайды, ал, жекелеген қалалардағы жедел жәрдемге түсетін салмақ екі есеге азайды. Қазір динамика тұрақтанып келеді, дәрігерлер де бұрынғы жұмыс ритміне қайта оралып жатыр. Денсаулық сақтау жүйесі бір сәтте өзгере алмайды. Екі апта бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, қазір позитивті өзгерістер бар», - деді Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі пандемия кезінде алғы шепте жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдары үшін Үкімет резервінен 7,2 млрд теңге бөлінетінін айтқан еді.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары