$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2020, 12:57
Үкімет

Шпекбаев «СҚ-Фармацияның» жаңа басшылығын ашықтық танытуға шақырды

12 шілдеде Ерхат Есқалиев «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды

Шпекбаев «СҚ-Фармацияның» жаңа басшылығын ашықтық танытуға шақырды
Фото: kyzmet.gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «СҚ-Фармация» ЖСШ-ның жаңа басшылығын ашық болуға шақырды.

«Әлеуметтік желіні мұқият қадағалайтын адамдар менімен келіседі деп ойлаймын, халық коронавирус кезіндегі жағдайдың күрделенуіне негізгі себептердің бірі - жемқорлық, бюрократия және жауапсыздық деп санайды. Бұл әсіресе, «СҚ-Фармацияның» лауазымды тұлғаларына, медициналық сақтандыру қорына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірқатар медициналық мекемелеріне қатысты қылмыстық істер контексіндегі әділ баға», - деді ол агенттіктің 2020 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында.

Агенттік төрағасы «СҚ-Фармация» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдауды сарапшыларды кеңінен тарта отырып, жедел жүргізу қажет екенін айтты.

«Бұл ұйымның болашақта қаншалықты тиімді болатыны біздің талдауымыздың сапасына байланысты болмақ. Бірыңғай дистрибьютордың жаңа басшылығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша барлық ұсыныстарды орындайды деп үміттенемін», - деді агенттік төрағасы.

Еске салай кетейік, 13 шілдеде Жемқорлыққа қарсы агенттік «СҚ-Фармация» мен Медициналық сақтандыру қорын тексеруді бастады.

10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аты аталған екі мекеменің басшылығын сынға алды, ал 11 шілде күні «СҚ-Фармация» мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағалары қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары