$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2020, 15:25
Үкімет

Жеті ай ішінде Қазақстанда 234 мың адам пневмониямен ауырған – Цой

Өткен жылмен салыстырғанда пневмониямен ауырғандар 3.3 есе көп

Жеті ай ішінде Қазақстанда 234 мың адам пневмониямен ауырған – Цой
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылдың 1 қаңтары мен 15 шілдесі аралығында Қазақстанда 234 187 адам пневмониямен ауырған. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Рұқсат етіңіздер, 2020 жылдың басынан бері елімізде тіркелген пневмония жағдайы туралы айтайын. 2020 жылдың 1 қаңтары мен 15 шілдесі аралығында елде 234 187 адам пневмониямен ауырды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, елде пневмониямен ауырғандар саны 3,3 есеге көбейді. Бірақ баса айта кететін нәрсе, бұл статистиканың ішінде пневмонияның біз білетін бактериалды және вирусты түрлерімен ауырғандар да бар», - дейді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бүгін Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы бірге  есепке алынатынын айтты.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары