$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2020, 11:36
Үкімет

42 500 теңге: 700 мың қазақстандық төлем тағайындалғаны туралы SMS-хабарлама алды

SMS-хабарлама алған азаматтар өтініш бермейді

42 500 теңге: 700 мың қазақстандық төлем тағайындалғаны туралы SMS-хабарлама алды
Фотоколлаж: Нұрсұлтан Жорабаев

Пандемияға байланысты төтенше жағдай кезеңінде төлем алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы - 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама жіберілді.

Ендігі ретте шілде айында енгізілген карантиндік шараларға байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде бір реттік төлем жасалады.

Кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде төлем алған азаматтарға, олардың қызметі биылғы жылдың шілде айында шектеулерге ұшырауы әбден мүмкін екенін, сондықтан төлемді проактивті тағайындау үшін кірісті жоғалту фактісін растау үшін SMS-хабарлама жіберілетінін айтты.

«Біз төлемдерді проактивті форматта тағайындауды қарастырамыз. Біз қызметі шектелген болса, соңғы рет төлем алған азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту фактісін растауды сұраймыз. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда, төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Олар порталдарға өтініш бермесе де болады, олар өз мәртебесін одан әрі қадағалай алады», – деді министр.

Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов төлемдерді тағайындау үшін өтініштерді қабылдау биылғы 17 шілдеде басталатынын хабарлады. Порталдар мен Тelegram-боттар бүгін күннің екінші жартысында іске қосылады.

Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

  • eGov.kz – «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
  • 42500.enbek.kz порталы;
  • «Электрондық үкімет» telegram-боты;
  • Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары