$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Карантин кезінде 42 500 теңгені кімдер алатыны белгілі болды

Үкімет басшысы Асқар Мамин карантин кезінде төлем кімдерге берілетінін айтты

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин карантин кезінде 42 500 теңге көлеміндегі төлемнің кімдерге берілетінін айтты. Премьер-министр хабарлағандай, төлем жұмысы тоқтаған жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтініші бойынша беріледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен, шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандар бойынша әлеуметтік төлем жәрдемақысы – ең төменгі жалақы көлеміндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі. Еңбек министрлігіне төтенше жағдай кезіндегідей,  азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдеріне ақшалай көмек беруін жалғастырсын. Бұл – 1 миллионнан астам адам», - деді Премьер министр.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілде күні кешке Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде карантин тағы екі аптаға созылатынын айта келіп, сол уақытта тағы да 42 500 теңге төлем жасауды тапсырған болатын.

Серіктес жаңалықтары