$ 489.99  580.25  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда экологиялық автомобиль мен авиация отынын өндіретін зауыт салынады

Инвестиция көлемі 200 млн долларды құрайды

Қазақстанда экологиялық автомобиль мен авиация отынын өндіретін зауыт салынады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда ТМД аумағындағы алғашқы экологиялық таза автомобиль мен авиация отынын (SAF) өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы KazFoodProduckts бас директоры Әлихан Талғатбек мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, жобаның қуаттылығы – жылына 50 мың тонна, ал инвестиция көлемі шамамен 200 млн долларды құрайды. Жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және америкалық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ KazFoodProduckts компаниясы 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында жұмыс істемейтін «Биохим» зауытын сатып алған. Қысқа мерзім ішінде ауқымды жаңғырту жүргізіліп, технологиялық процестер қалпына келтіріліп, кәсіпорын іске қосылған.

«Қазір біз жыл сайын 300 мың тонна астықты жоғары өңделген өнімдерге – крахмал, бидай глютені және биоэтанолға бөліп өңдейміз. Осының арқасында жай астық экспортымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары қосылған құн қалыптасады. Нәтижесінде өндірілген биоэтанол Еуропа елдеріне экспортталады, ал глютен бізге алыс шет елдердің, соның ішінде АҚШ пен Жапонияның нарықтарын ашты. Крахмалды ТМД және Азия елдеріне жеткізіп отырмыз», — деді Әлихан Талғатбек Үкімет отырысында.