$ 489.99  580.25  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығы құрылады

Автокөлік өндірісі рекордтық деңгейге жеткен

Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығы құрылады
Фото: istockphoto.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев еліміздегі автомобиль өнеркәсібінің дамуы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, былтыр автокөлік өндірісі рекордтық деңгейге жеткен. Автомобиль жасау саласы машина жасау секторындағы жалпы өндірістің 41,7%-ын құрады. Барлығы 171 мыңнан астам көлік шығарылса, оның 159 мыңы – жеңіл автомобильдер.

Сондай-ақ екі жаңа жоғары технологиялық зауыт – Алматыда Chery, Haval, Changan брендтерін шығаратын мультибренд зауыты, ал Қостанайда Kia Qazaqstan зауыты іске қосылды.

«Осындай зауыттардың іске қосылуы автокомпоненттер өндірісін локализациялауға серпін беріп отыр. Мысалы, өткен жылы Алматы индустриялық аймағында автокомпоненттер технопаркі іске қосылды. Онда автокөліктерге арналған мультимедиа жүйелері мен орындықтар өндіріледі», — деді Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында.

Қарағанды облысының Саран қаласында «Tengri Tyres» зауытында автомобиль шиналары шығарыла бастады. Ал Қостанайдағы «KamLitKZ» кәсіпорнында заманауи технологиялармен шойын құю өндірісі іске қосылды. Бұдан бөлек, «Allur» компаниясы автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығын сала бастады, деп атап өтті министр.

Алдағы үш жылда жылыту және кондиционерлеу жүйелері, тежегіш бөлшектер, салон мен еденге арналған пластикалық элементтер сияқты автокомпоненттерді ел ішінде өндіру бойынша жаңа жобалар жүзеге асырылады, деп мәлімдеді Нағаспаев.

Мақалада

#автокөлік