$ 508.91  594.36  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министр жеке деректердің таралуы жайлы: мемлекеттік органдар заңды жиі бұзады

Мемлекеттік органдарға өте көп тексеріс жүргізілген

Министр жеке деректердің таралуы жайлы: мемлекеттік органдар заңды жиі бұзады
Фото: istockphoto.com

Вице-премьер – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев министрліктер мен әкімдіктерді азаматтардың жеке деректерін сақтау талаптарын орындауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдарда тарихи тұрғыда ең көп тексеріс жүргізілген.

«Тексеріс нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар заңнамада белгіленген ақпараттық қауіпсіздік талаптарын жиі бұзады. Осыған байланысты орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жүйкелердің ақпараттық қауіпсіздігі мен азаматтардың жеке деректерінің сақталуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алуы қажет», - деді Мәдиев Үкімет отырысында.

Вице-премьер барлық талап заңнамада бекітілгенін мемлекеттік органдардың есіне салды.

«Өздеріңізге тиесілі ақпараттық жүйелерден жеке деректердің таралуына әрқайсыңыз жауаптысыздар», - деді ол.

Мәдиев былтыр елдегі киберқауіпсіздікті күшейтуге бағытталған бірқатар маңызды шара қабылданғанын, бірінші басшылардың жауапкершілігі енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар азаматтардың жеке деректерін қорғауға қойылатын талаптар күшейтілді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жеке дерек