$ 519.61  610.13  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет Риддер, Кентау және Екібастұздағы ЖЭО-ларды «қызыл аймақтан» шығарды

Жалпы, ел бойынша әбден тозған осындай 9 станция «қызыл аймақтан» шыққан көрінеді

Үкімет Риддер, Кентау және Екібастұздағы ЖЭО-ларды «қызыл аймақтан» шығарды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Үкімет Кентау, Риддер және Екібастұз стансалары сияқты жиі-жиі істен шығатын 9 энергетикалық нысанды «қызыл аймақтан» шығарды. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифингте энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, биыл ұзақ жылдардан бері тозып тұрған бірнеше нысанға инвестиция құйылып, олар жөнделген.

«Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты енгеннен кейін электр стансаларын жөндеу жұмыстарына салынған капиталдық инвестиция 20% артқан. «Ұзақ жылдан бері алғаш рет ел бойынша ЖЭО жабдықтарының жалпы тозуы азайып, көрсеткіш 61% жетті. Жоспарланған барлық жөндеу жұмысын орындалғаннан соң, Кентау, Риддер және Екібастұз стансалары секілді барлығы 9 энергетикалық нысан «қызыл аймақтан» шықты», - деп хабарлаған Ақкенженов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үкімет энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында бес жыл ішінде 13 трлн теңге инвестиция тартылатынын мәлімдеген еді. Айта кетейік, бүгін Ақкенженов айтып 3 қаланың ЖЭО-ларды соңғы бірнеше жылдың қысында апаттан көз ашпаған. 

Серіктес жаңалықтары