$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2020, 00:21
Foreign kazakh

Қытайда «Қара жорға» билеп танылған қазақ дәрігері үйіне оралды

Ол Шыңжаңда тұрады

«Қаражорға» билеп танымал болған Қытайдағы қазақ дәрігері Баһаргүл Толқын үйіне оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Қандасымыз сол өлкедегі Шыңжаңның тумасы. Хируг-дәрігер екі ай бойы Уханьда болып, науқастарды емдеуге көмектесті. Білікті маман қатерлі дертпен күресе жүріп әдемі биімен емделушілердің көңілін көтерген еді. Баһаргүл отбасын 3 айға жуық көрмеген. Ол ата-анасын, жолдасын, әсіресе ұлын қатты сағынғанын айтады.

«Ухань халқына көңіл бөлуін білдірттім.  Өзім қазақ болғаннан кейін, халық биі қара жорғаны сол жерде билеп бердім. Науқастар сондай жақсы көрді. Сіздер өздеріңізді өздеріңіз жігерленіп осындай көңіл күйде болсаңыз ауруды жеңесіз деген ойда болдым», - дейді Баһаргүл Толқын.

Баһаргүл Шыңжаңға оралғанымен, сақтық үшін тағы 20 күн карантинде болды. Дәрігердің айтуынша, қазір Уханьдағы жағдай тұрақталған. Тіпті ауруханада вирус жұқтырған бірде-бір науқас қалмапты. 

«Қазақстан халқына айтатыным, біріншісі - үйден шықпау, екіншісі үйден шыққанда маска тағу. Үшіншіден, өзіңізді өзіңіз жақсы ұстап, көңіл күй жақтан таймау керек, төртіншісі, ет жеп, сүт ішіп, айран ішіп, жақсы тамақтардан жеп дененің ауқатын жақсы қылу. Біз сіздер мына күрделі вирустан тезірек жеңуін тілек етеміз», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары