$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында қожалықтың 526 бас малын байқатпай сатып жіберген бақташыға іздеу жарияланды

Ол бір жыл бойы ферманың малын ауыл адамдарына сатып отырған

Ақмола облысында қожалықтың 526 бас малын байқатпай сатып жіберген бақташыға іздеу жарияланды
Фото: istockphoto.com/Georgijevic

Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка кентіндегі шаруа қожалығының 516 бас малын сатып жіберген малшыға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ақмола облысының полиция департаменті хабарлағандай, шаруа қожалығының заңды иесі қаңтар айының басында полицияға арыз түсірген.

«Оның айтуынша, шаруа қожалығының 48 ірі қарасы, 460 ұсақ малы мен 8 жылқысы сатылып кеткен. Оны қожалықтың бір қызметкері сатқан. Тергеу барысында анықталғандай, 30 жастағы бақташы бір жыл бойы ферманың малын ауыл адамдарына сатып, ақшаны қалтасына басып отырған. Қылмысын жасыру үшін ол ауыл адамдарының малына ферманың сары биркасын тағып отырған. Осылайша, қожалық иелері мал санағанда, ірі көлемде малы жоғалып отырғанын байқамаған», - деп жазады полиция.

Дереккөзге сүйенсек, бақташы Ақмола облысының аумағынан кетіп қалған. Қазір құқық қорғау органдары оны іздеуге салды.

 

 

Серіктес жаңалықтары