$ 518.19  597.32  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы алғашқы АЭС болжам бойынша 2029 жылы салына бастайды

Қазір жобалық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр

Қазақстандағы алғашқы АЭС болжам бойынша 2029 жылы салына бастайды
Фото: freepik.com

Қазақстанда ресейлік «Росатом» компаниясы салатын алғашқы атом электр станциясының іргесі болжам бойынша 2029 жылы қаланады. Бұл туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, құрылыстың басталу мерзімі жобалық зерттеу жұмыстарынан кейін белгілі болады.

«Көп нәрсе жабдықтың құрамына және жобалық жұмыстарға байланысты. Әзірге нақты айту қиын, Ресейдің жоспары бойынша 2029 жылы басталады деп болжап отырмыз. Келесі жылы да жобалық зерттеу жұмыстары жалғасады. АЭС құрылысы – өте күрделі технологиялық процесс, ол мұқият зерттеуді және жіті дайындықты талап етеді. Қазір бұл жұмыстарға қазақстандық мердігерлер де тартылған», - деді Сәтқалиев Ақорда кулуарында.

Серіктес жаңалықтары