$ 538.53  623.94  6.59
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәжіліс үш жылға арналған республикалық бюджетті қабылдады

Бір ерекшелігі, 2026 жылы жаңа жобаларға қаржы көзделмеген

Мәжіліс үш жылға арналған республикалық бюджетті қабылдады
Фото: мәжілістің баспасөз қызметі

Бүгін Мәжіліс 2026-2028 жылдарға арналған Республикалық бюджетті мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2026 жылы түсімдер 19,2 трлн теңге, 2027 жылы 21,2 трлн теңге, ал 2028 жылы 23,2 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. Шығыстар тиісінше 27,7 трлн, 28,7 трлн және 29,7 трлн теңге көлемінде болады деп жоспарланған. Сонымен қатар Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің көлемі жыл сайын шамамен 2,8 трлн теңге болады.

Сондай-ақ, үкімет 2026 жылы өңірлерге бөлінетін шығындарды 700 млрд теңгеге азайтып, 5,1 трлн күйінде қалдырған. Өзге де шығындары да қысқарып, 1,7 трлн теңге деңгейінде белгіленді.

Сондай-ақ, 2026 жылы жаңа жобаларды қаржыландыру көзделмей отыр – барлық қаражат тек бұрыннан жалғасып келе жатқан жобаларға бағытталады.

Серіктес жаңалықтары