$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда кез келген банк шариғат нормаларына сай пайызсыз кредит беруі мүмкін

Екінші деңгейлі банктерде «ислам терезесі» ашылады

Қазақстанда кез келген банк шариғат нормаларына сай пайызсыз кредит беруі мүмкін
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда дәстүрлі банктерге қолданыстағы лицензиясы аясында «ислам терезелерін» ашып, шариғат талаптарына сай қаржы өнімдерін ұсынуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр. Банктер туралы жаңа заң жобасында осындай нормалар қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, жаңа заңның маңызды бөлігі – исламдық қаржыландыруды дамыту.

«Дәстүрлі банктерге жеке құрылым құрмай-ақ қолданыстағы лицензия аясында исламдық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін «ислам терезелерінің» икемді моделі енгізіледі. Мұндай операциялардың барлығы бөлек жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Яғни, барлық есеп-қисап бөлек есепке алынады, сонымен қатар міндетті түрде шариғатқа сәйкестігі жөніндегі кеңес құрылады. Осылайша, екінші деңгейлі банк бір жағынан әдеттегі қызметін жалғастыра алады, екінші жағынан исламдық қызмет те ұсына алады.

Агенттік мұндай модель дамыған ислам нарықтары бар елдерде, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия және Пәкістанда сәтті қолданылып жатқанын атап өтті.

«Ол ислам өнімдерін барынша қолжетімді етеді, банктер үшін шығындарды азайтады және этикалық немесе діни бағдарланған өнімдерді құп көретін клиенттер үшін, сол сияқты ислам әлемі елдерінен инвестиция тарту үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады», - дейді ведомство.

Бұл модель Қазақстанда инклюзивті және әртараптандырылған қаржы жүйесін дамытуға маңызды қадам болады деп санайды агенттік.

Серіктес жаңалықтары