Қазақстанда 18,4 млн тонна астық жиналды

Автор: Бақыт Шынар

Осы уақытқа дейін 12 млн гектар алқап орылған 

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 12 млн гектар алқабы немесе жалпы егіс көлемінің 74,9%-ы жиналып, нәтижесінде 18,4 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дәнді дақылдардан бөлек, 1 млн тонна майлы дақыл, 2,1 млн тонна картоп және 3 млн тонна көкөніс жинаған. Картоптың орташа өнімділігі гектарына 227,4 центнерді, көкөністікі – 298,1 центнерді құрады.

Нақтырақ айтқанда:

  • Қырыққабат – 413,7 мың тонна (322,7 ц/га),
  • Пияз – 762,3 мың тонна (417,0 ц/га),
  • Сәбіз – 313 мың тонна (289,5 ц/га) көлемінде жиналды.

Министрлік мәліметінше, егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр.