$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа жылға дейін доллар қымбаттай ма, әлде арзандай ма

Бюджетте бекітілген доллар бағамын түзету жоспарда жоқ дейді Сүлейменов 

Жаңа жылға дейін доллар қымбаттай ма, әлде арзандай ма
Фото: istockphoto.com

Жыл соңына дейін теңге бағамы айтарлықтай құбылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджетте доллар бағамын түзету не өзгерту қарастырылып отырған жоқ.

«Біз күзде инвестициялық белсенділік артады, келісімшарттар жасалады. Осы тұрғыда біз сауда, экономика және басқа да бағыттар бойынша инвестициялық белсенділік артады деп болжаймыз. Ал валюта бағамына келер болсақ, оның нашарлауына сыртқы алғышарттар жоқ, бірақ ішкі факторлар да әжептәуір күшті. Сондықтан ұлттық валюта бағамында айтарлықтай ауытқу болады деп күтпейміз», - деді Сүлейменов.

Осы орайда журналистер Ұлттық банк төрағасынан жыл соңына дейін доллар 1000 теңгеге баруы мүмкін бе деп сұрады. Тимур Сүлейменов «жоқ» деп қысқа қайырды.

Серіктес жаңалықтары