$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.06.2020, 12:40
Экономика

Қазақстандықтар табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды

Дамыған елдердегі халық табысының тек 10%-ы ғана азық-түлікке жұмсайды

Қазақстандықтар табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды
24.kz

Былтыр қазақстандықтардың табысы 5,5%-ға көбейген. Бірақ азық-түлікке жұмсайтын қаражат рекорд орнатып, 50%-ға жеткен. Бұл туралы бүгін Сенатта Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова мәлім етті.

Жалпы, Годунова бүгін жоғары палатада 2019 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы баяндама жасады. Ол алдымен Қазақстанның әлеуметтік саладағы көрсеткіштеріне тоқтала келе, халықтың қаржылай әл-ауқаты бірнеше пайызға өскенмен, шығындары да еселене түскенін атап өтті.

«2019 жылдың республикалық бюджеті қалай игерілді, қандай нәтиже берді дегенге тоқталсақ, ең алдымен, Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумдағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде макроэкономикалық тұрақтылық бойынша 60-шы орынға шықты. Яғни, позициясы жақсара түсті. Бірақ мұнайға тәуелділікті төмендете алмадық», - деді Годунова.

Мұнай бағасына байланып отырғандықтан, соңғы он жылда өңдеу секторының экономикадағы үлесі небәрі 11% деңгейінде қалған. Экспорт бойынша минералды өнімдердің үлесі 70 пайыздан асқан.

«Халықтың шынайы табысы 5,5%-ға өсті. Бірақ, азық-түлік тауарларына кететін шығын 50%-ға жетті.  Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10% төңірегінде. Тіпті, Ресей мен Беларусь елдерінде азық-түлік шығыны 28% және 32%-дан асапайды. Бұл дегеніміз не? Бұл дегеніміз – халық табысының жартысын «жеп қояды» да, жинағының көлемін арттыру мүмкіндігінен айырылады», - деді Годунова.

Серіктес жаңалықтары